374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетел асуға тура келетін теңізшілер енді өз елімізде білім алады

  • 437
  • UPD: 15:20, 09.09.2018

Маңғыстау облысындағы жоғары және арнаулы оқу орындарында бұрын-соңды оқытылмаған жаңа мамандықтар бөлімі ашылды.

Ақтаулық студенттер алғаш рет ландшафты дизайн шебері, пластмасса дәнекерлеуші, ағылшынша білімі бар тәрбиеші мен математиктер және көгалдандырушы мамандықтарын меңгере бастады. Ал Есенов университетінің базасында теңіз академиясы өз жұмысын бастады. Бұрын теңіздегі су көліктерін тізгіндеу үшін шетел асуға тура келетін теңізшілер енді өз елімізде білім алады.

Айдос Нұргелдин «көк айдында кеме басқарсам» деген бала арманына бір табан жақындай түсті. Ол жаңа ашылған теңіз академиясында кеме жүргізу инженері мамандығын меңгеруде. Оқу орнының талаптарына сай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып жатыр.

Айдос Нұргелдин, Теңіз академиясының студенті:

– Бұйырса осы мамандықты бітірген соң Каспий теңізінде кеме жүргізетін боламын. Біздер Есенов университетінде кәдімгі теңізшілер сияқтымыз.

Аймақтағы жалғыз мемлекеттік жоғары оқу орны сұраныстың артуына орай, халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлай бастады. Қазақстандық университеттің дипломын алу үшін биыл Ақтауға шетелдік студенттер де келген. Жаңа оқу жылында қабылданған 3300 студенттің 100-ден астамы – Каспий маңы мемлекеттерінің жастары.

Берік Ахметов, Есенов университетінің ректоры:

– Білім беру мамандықтарының аясында, IT саласында үлкен мәліметтермен жұмыс жасауға «Датэ сайнс» деген жаңа мамандық аштық. Халықаралық қатынастар аясында Каспий өңірінің халықаралық қатынастары мамандықтарын аштық. Одан бөлек, гуманитарлық салада Маңғыстау өңірінің этногеографиясын жасақтауға жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Біз Каспий өңіріндегі білім және ғылым хабына айналуды мақсат етіп отырмыз.

Ақпараттық технологиялардың ілгері дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты биыл бір Маңғыстау облысының өзінде жаңадан 14 мамандық ашылды. Бұл бөлімдерде 315 жас мемлекеттің қолдауымен тегін білім алуда. Тың мамандықтарды ашу, кадр тапшылығын жойып, жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Осы категория бойынша: « Павлодардың санитарлық авиациясы өткен 8 айда 300 рет әуеге көтерілген Қарағандыда өткен «Денсаулық» фестиваліне 3 мың адам қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы