365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

  • 142
  • UPD: 08:20, 10.09.2018

Алматы облысында ірі қара мал бордақылайтын алаңдардың қатары көбейіп келеді.

Бүгінде 60 мыңнан астам малды бір мезгілде баптап, сапалы ет дайындауға мүмкіндігі бар 91 алаң жұмыс істеп тұр.

Ақсу ауданының шалғайдағы елді мекені – Құрақсуда жайылымдық жерлер көп. Қанат Жұмашев 18 жыл бұрын шаруа қожалығын құрып, осы өңірге асыл тұқымдымал әкелген. Қазақтың ақбас сиырынан тараған табында қазір 500 бас ірі қара бар. «Өріс кең, техника да, жем-шөп те жеткілікті», - дейді ол.

Қанат Жұмашев, «Балтабек» шаруа қожалығының  басшысы:

- Су құбырын жасаттық, мал сою алаңын жасаттық. Мал бордақылау алаңын жасадық. Осының бәрін мемлекеттің бағдарламасымен жасап жатырмыз. Бұл шаруа қожалықтарына беріп жатқан мемлекеттің қолдауы ғой.

Бүгінде мал азығының қыстық қорын жасап жатқан шаруаның жұмысы қызып тұр. Лизингке алған техникаларымен шөп шабуға кіріскен. Келешекте асыл тұқымды мал басын мыңға жеткізбек. Ал ауданда 14 мың бас ірі қараны асылдандыру міндеті тұр.

Сағит Бекболатов, Ақсу аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда енді оның 8 мың басы асыл тұқымды бұқалармен шағыстырылып, нәтижесінде асыл тұқымды төлдер алынды. Бұл жерде жаңағы Герефорд, қазақтың ақбас тұқымды малы, сосын Әулиекөл мен жаңағы Ангус.

Ет экспорты – шаруалар үшін табыс көзі. Сондықтан өзара күш біріктіріп, әрекет етіп жатқан малшылар әр аймақта бар. Мәселен, үстіміздегі жылы облыста 8 шаруашылық бірлесіп 1850 басқа лайықталған мал бордақылау алаңын іске қосты. Жыл аяғына дейін тағы 4 шаруашылық 1150 басқа арналған алаңды дайын етпек. Облыс биыл 200 тоннадан астам сиыр етін экспорттады. Қазір Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне ірі қара мал етін экспорттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында егін орағы қызу жүріп жатыр Ақмол-Нұресіл-Талапкер бағытындағы тас жол толық жөнделді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы