374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмол-Нұресіл-Талапкер бағытындағы тас жол толық жөнделді

  • 139
  • UPD: 08:28, 10.09.2018
Ақмол-Нұресіл-Талапкер бағытындағы тас жол толық жөнделді

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Ақмол-Нұресіл-Талапкер бағытындағы тас жол толық жөнделді.

Енді Талапкер ауылының бағытындағы 10 шақты елді мекеннің тұрғындары аудан орталығына бұрынғыдай Астана арқылы айналып бармайтын болды. Ал осыған дейін жолдың нашарлығына қарамай, орталыққа төте тартқан жолаушылар біраз әбігерге түсетін. Әсіресе, көктем мен күзде қиын еді. Ұзындығы 23 шақырым жол толықтай қалыпқа келтірілді. Жалпы елорда іргесіндегі Целиноград ауданында 1500 шақырымнан астам автокөлік жолдары бар. Ал биыл олардың біраз бөлігін жөндеуге 2 млрд 720 млн теңге қаржы қарастырылған.

Серікбай Кучуков, мердігер мекеменің өкілі:

- Бастағанда жол не болды? Қандай екенін өздеріңіз де көрдіңіздер. Қазір енді астын қиыршықтас қоспасымен тегістедік. Содан бетон салдық. Бетонның үстінен асфальт салдық. Қазір енді белгілерін қойып жатырмыз. Ауылдан бастадық Нұресілден, содан бері қарай келе жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді Павлодар облысында жол құрылысына 54 миллиард теңге бөлінген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы