374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 23 мектеп пен 12 балабақша аумағына жол плиталары төселді

  • 149
  • UPD: 08:45, 10.09.2018
Ақтөбеде 23 мектеп пен 12 балабақша аумағына жол плиталары төселді

Ақтөбеде тексеру жүргізген арнайы комиссия 78 мектептің 49-ында тротуар жолдарының жоқ екенін анықтаған.

24 балабақша аумағында жаяу жүргіншілер жолы салынбапты. Тексерістен кейін қала әкімдігі 2 мердігер компаниямен келісімшартқа отырып, шұғыл жоспар жасады. Нәтижесінде 23 мектеп пен 12 балабақша аумағына жол плиталары төселді. Қазан айына дейін қалған нысандардағы жұмыстар аяқталады. Одан бөлек, қаланың бірнеше ауданында тозығы жеткен тротуарларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Жеке кәсіпорындар мен мекемелерге кіреберіс жолдарды қалыпқа келтіру міндеттелді.

Вера Чумакова, қала тұрғыны:

- Жолдар таза, әдемі. Бәріміз қуанып қалдық. Бұрын бұл жерлермен жүру мүмкін болмады. Жаңбыр жауса, балшық болып, жол көрінбей қалатын. Енді жаңа тас төсегелі, аяқ киіміміз де таза, өзіміз де ризамыз.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында жол құрылысына 54 миллиард теңге бөлінген Түркістанда жолаушылар тасымалы қашан ретке келтіріледі? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы