374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте «3-энергоорталық» мемлекеттен бөлінген қаржатты жоспарлы түрде игеріп келеді

  • 167
  • UPD: 15:20, 10.09.2018

Шымкенттегі «3-энергоорталық» мемлекеттен инвестициялық бағдарлама арқылы бөлінген қаражатты жоспарлы түрде игеріп келеді.

Қазіргі таңда кәсіпорында станция жабдықтарын жаңғырту мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық басшылығы биылғы жылыту маусымында қиындық туындамайды дейді. Себебі мұндағы қазандықтар мен қондырғылар осы жылы күрделі жөндеуден өткен.

«3-энергоорталық» жылу мен қуатты құрамдастырып өндіретін кәсіпорын. Станцияның қуаты жазда 80 МВт, ал қыста 150 МВт. Ал тұтынатын отыны табиғи газ бен мазут. Мұндағы қондырғыларға жаңғырту мен жөндеу жұмыстары қашанда қажет. Осыны ескерген Үкімет инвестициялық бағдарлама арқылы энергоорталыққа 2016-2021 жылдарға арнап 673 миллион теңге қаражат бөлген. Биыл соның 143 миллион теңгесін игеру жоспарда дейді кәсіпорын жетекшілері.

Жансерік Ерботаев, турбина цехының бастығы:

- Бірінші турбогенараторда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екіншісі толық дайындықта тұр. Үлкен генераторымыз жұмыста. Бұлардың барлығы дайындықта.

Энергоорталық қаланың 75%-ын жылумен қамтиды. Дәл қазір мұнда құрылығыларды жаңғырту мен жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Себебі алда «қылышын сүйретіп қыс келеді». Сондай-ақ кәсіпорын орта есеппен жылына 700 миллион КВт электр энергиясын өндіреді.

«Инвестициялық бағдарламаға бөлінген қаражат үнемі назарда. Ол қаржыға нендей жұмыс атқарылғандығын тұтынушы білу қажет», - дейді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті өңірлік департаментінің өкілдері. Ал биыл жылу бағасы қалпында қалады.

Нұрмұхамбет Бекмұрзаев, облыстық монополияға қарсы департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Тариф қазіргі уақытта көтерілмейді. Ол бойынша қазіргі уақытта меморандум жасап, оны көтермеу мәселесі бойынша шаралар ұйымдастырамыз.

Өткен жылыту маусымында энергоорталықтың газ таратушы мекеме алдында берешегі болған. Ол толығымен өтеліпті. Биыл маусымды қарызсыз бастаймыз дейді өндіріс басшылығы.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Осы категория бойынша: « «Хабар 24» тілшілері тікелей эфирде жол ақысын жаңа жүйе арқылы төлеп көрді Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы