365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

  • 188
  • UPD: 14:57, 10.09.2018
Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр rus.ozodlik.org

52 адамның өліміне әкелген автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Сарыағаш аудандық сотымен онлайн байланысқа шығып, жәбірленуші жақтың өкілдерін тыңдады. Өртте қаза болған өзбекстандықтардың туыстары жердің шалғайлығына байланысты Ақтөбеге келе алмаған. Бұған дейінгі отырыста болған 11 адам түрлі қиындықтарға тап болып, Өзбекстанға қайтып кеткен еді.

Еске салайық, қаңтар айында Шымкент қаласынан Ресейге бет алған жолаушылар автобусында аяқ астынан өрт тұтанып, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан еді. Бұл қылмыстық істе 5 адамға айып тағылды. Олардың үшеуі автобус жүргізушісі. Сот жалғасып жатыр.

Осы категория бойынша: « Шымкентте «3-энергоорталық» мемлекеттен бөлінген қаржатты жоспарлы түрде игеріп келеді «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы