365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында «Денсаулық-2018» фестивалі ұйымдастырылды

  • 205
  • UPD: 15:34, 10.09.2018

Мақсат – халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Бұл күні қалалық саябақта түрлі спорттық шаралар өтті, сондай-ақ, медициналық қалашық жұмыс істеді. Тұрғындар скрининг жасатып, дәрігерлерден тегін кеңес алды.

Күніне 10 мың қадам жаяу жүру. 30 минут белсенді жаттығулар жасау. Ас мәзіріне кем дегенде 500 грамм көкөніс пен жеміс-жидекті пайдалану. Белдің көлемі ер адамдарда 96, әйелдерде 88 см-ден аспауы керек. Қажетті сандар әр адамның жадында болуы шарт.

Арман Жұмабеков, Павлодардағы жоғары медициналық колледждің студенті:

Денсаулыққа мықты болу керек. Ол қазіргі кезде тренд, хайп деуге де болады. Мен медколледждің студентімін, 4-ші курста емдеу ісіне оқып жатырмын. Барлық балаларды спортпен айналысуға шақырамын.

Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған барлық шаралар «Салауатты өмір салтын қолдау» орталығы арқылы жүзеге асты. Денсаулық мерекесіне келгендер скрингтен өтіп, тегін медициналық кеңестер алды. Әсіресе, шылымды алмаға айырбастау акциясы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Тұңғышбай Баймаханов, облыстық «Салауатты өмір салтын қолдау» ЖШС директоры:

Қан қысымы нормада болуы керек, қанттың мөлшері нормада болуы керек. Холестериніңіз нормада болуы керек. Олардың барлығы мынау жүрек ауруы мен қант ауруына әкеп соғады. Сол себептен біз қазір кісілердің бәрін үйретіп жатырмыз.

Соңғы деректер бойынша Павлодар облысында туберкулез дерті мен  қан қысымына шалдығу деңгейі төмендеген. Сондай-ақ ана мен бала өлімі тіркелмеген.

Ораз Мұқашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жаңа ангиограф алып жатырмыз. Жаңа УЗИ аппараттар алып жатырмыз. Біздің дәрігерлер шетелге оқуға барып жатыр қазір. Сол өзінің жоғарғы квалификациясын көтеріп жатыр.

Адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыратын шара барлық облыс аудандарын қамтыды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Маарат Игіліков, Алексей Омельницкий

Осы категория бойынша: « Оралда шаһар күніне орай «Гауһар» саябағы ашылды EGov.kz порталының жаңа дизайны дауыс беруге қолжетімді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы