365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айбек Нұғымаров туған ауылына ерекше сыйлық тарту етті

  • 1061
  • UPD: 17:27, 10.09.2018

Шығыс Қазақстан облысының Құндызды ауылында Ақтамберді жырауға ескерткіш орнатылып, спорт кешені ашылды.

Бұл – қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан барысы Айбек Нұғымаровтың туған жеріне тартуы. Жалпы Абай ауданы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 75 миллион теңгенің жобалары жүзеге асыпты. Жыл соңына дейін әлі де бірнеше нысан ашу жоспарда тұр.

Бұл жотада туған елінің азаттығы мен жарқын болашағы үшін жауға шауып, «күреңді күлдір-күлдір кісінеткен» Ақтамберді жырау бабамыз жерленген. Бүгін Құндызды ауылында ерекше той. Тәуелсіз қазақ елінің атын бейбіт күні әлемге паш етіп жүрген даңқты балуан Айбек Нұғымаров туған ауылына ерекше сыйлық тарту етті.

Айбек Нұғымаров, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы:

– Ақтамбердінің ұрпақтары және Дәулет Болатұлы ағамыз қолдап, жан-жақтан азаматтар демеушілік көрсетіп, бастамасын өзім бастаған болатынмын. Біздің биікке шығып жүргеніміз бірінші Алла болса, екінші осы топырақ деп айтамыз. Оны әрқашан мақтан тұтып, әлемнің қай жеріне барсам да мақтанышпен айтып жүремін.

Өзі туып өскен ауылындағы спорт залының тарлығы Айбекті көптен мазалап жүрген еді. Енді міне, игі тілек іске асып, «Туған жер» бағдарламасы аясында батыр бабаға ескерткіш пен жаңа күрес кешені пайдалануға берілді.

Болат Көкенайұлы, Twitter@bolekekokenay

– «Бірлігіңнен айырылма, бірлікте бар қасиет» деп елдік пен ерлікті ұран еткен Ақатмберді жыраудың сөздері бүгінгі құндыздылық жас өрендердің жігеріне жігер, белдесулерде қайрат берері сөзсіз.

Ұлағат Абзал, спорт шеберлігінен үміткер:

– Осы спорт мектебінің салынғанына қуаныштымыз. Іші кең екен. Біз де өскен кезде өзіміздің ағамыз Айбек Нұғымаровтай Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы болғымыз келеді.

Қазір мұнда Ұлағат сияқты 30 шақты ауыл баласы күреспен шұғылданып жүр. Олардың алаңсыз жаттығуына барлық жағдай жасалған.

Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі:

– Биылғы жылдың өзінде бізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 75 миллион теңгеге демеушілік жасалды. Бұл демеушілік ары қарай жалғаса береді. Саржал ауылынан да тағы осындай спорт кешенін ашсақ деген жоспарымыз бар.

Құндызды ауылының іргесінде ақшаңқан қазақ үйлер тігіліп, балуандар белдесіп кетті. Қырдан желмен жарысқан жүйріктер бірінен бірі оза шапқысы келеді. Кешегі өткен бабалар мұраты орындалды деген осы.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Осы категория бойынша: « EGov.kz порталының жаңа дизайны дауыс беруге қолжетімді Алматыда өтіп жатқан жазушылар форумына әлемнің 17 елінен қаламгерлер келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы