374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде дәрігерлер екі адамнан АИТВ анықтады

  • 102
Өскеменде дәрігерлер екі адамнан АИТВ анықтады ria.ru

Өскеменеде қала күнін тойлау кезінде дәіргерлер екі адамнан АИТВ анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орталық алаңда концерттік бағдарлама мен жәрмеңке ұйымдастырылды, ал Салауатты өмір салты орталығының қызметкерлері денсаулық қалашығын ұйымдастырды. Тұрғындары өз салмағын, бойының ұзындығын, қандағы холестерин мөлшерін және қан қысымын өлшеп алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ АИТВ және ЖИТС экспресс тестінен өтуге де шақырды. «Біз шамамен отызға жуық тест алдық, соның ішінде екі адамнан АИТВ анықталды, – дейді ШҚО ЖИТС орталығында бөлім басшысы Наталья Селезнева.

Маманның айтуынша, тестілеуден өткен қыз бала жай ғана тексеріле салған. Ол анкетаны толтырып, қан тапсырып, ары қарай алаңда көңіл көтеруге кетті. Нәтиже 12 минуттан соң дайын болды. «Ол бізге қайтып келіп, нәтижесін естігенде, шок алды. Басында сенбей қалды. Қаншалықты қателесуіміз мүмкіндігін сұрап, қайтадан қан тапсыруды өтінді», – дейді Наталья Селезнева.  Қыз балаға орталықтан жіті бақылаудан өтуі керектігі айтылды. Мамандардың айтуынша, ағаттық болуы мүмкін, бірақ нәтиже дұрыс болып шығады екен.

Дәрігерлердің айтуынша, екінші адам – Өскемен тұрғыны АИТВ жұқтырғанын сезіктенген секілді. Нәтижені естігенде ол салқынқанды қабылдап, «бәрі де бітті» деген. «Алаңға шығу – өз әсерін беретін шара. Бұл жерде орталыққа тексерілу үшін еш уақытта бармайтын адамдарды тексеруге болады. Олар өздерінің жұқтырғанын білмеуі де мүмкін. Олардың білмеуі, қоғамға қауіп төндіреді», – деді Наталья Селезнева.  АИТВ жұқтырған адамдар орталықта кең ауқымды тексеріс жүргізіп, керек болған жағдайда психологқа қаралуына мүмкіндік алады. Сонымен қатар олар белсенділер ашқан «Как жить дальше, если у тебя обнаружили ВИЧ или СПИД» тобында курстан өте алады.

Осы категория бойынша: « BBC World News телеарнасында Жетісу жайлы шағын фильм көрсетілуде Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адам Аралдан табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы