374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау – Астрахань тасжолының құрылысы басталады

  • 150
  • UPD: 19:16, 10.09.2018
Атырау – Астрахань тасжолының құрылысы басталады

Шалғайдағы ауыл түгіл, республикалық жолдардың түгелі тақтайдай тегіс деуге келмейді.

Дегенмен бұл бағытта қолға алынған шаруа көп. Айталық, республикалық маңызға ие Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы осы қыркүйек айының соңында басталады. Қазір алғашқы кезеңде салынатын 60 шақырым жолға қаржы бөлінді. Жол Ресей шекарасынан басталып, Атырау облысының Құрманғазы ауданына дейін жалғасады. Тамыз айында өткізілген тендерді жеңіп алған екі компания маманын сайлап, техникасын майлап, ауқымды жобаны бастауға сақадай сай отыр. Асфальт төселетін жолдың Атырауға дейінгі аумағы – 277 шақырым, бұл күрежол одан әрі Ақтөбемен жалғасады. Бұл жолға 30 жылдан бері бірде-бір күрделі жөндеу жүргізілмеген екен.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып кеткен 6 адам Аралдан табылды 2025 жылға дейін еліміздегі күре жолдардың 85 пайызы жаңартылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы