374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде сабақты спортзалда оқуға мәжбүр болған оқушылар кабинеттеріне оралды

  • 188
  • UPD: 23:23, 10.09.2018

Семейдегі №28 жалпы білім беретін орта мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Оқушылар 3-қабаттағы өз сыныптарына оралды. Естеріңізге сала кетейік, өткен хабарларымызда біздің тілшілеріміз осы білім ордасындағы олқылықтар туралы репортаж жасаған болатын. Онда шәкірттердің спортзал мен басқа да қосалқы кабинеттерде оқып жатқаны туралы айтылған еді. Бұған мердігер мекеменің жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтамауы себеп болған.

Ерсайын Мұхамедиев, №28 жалпы білім беретін орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

– Бүгінгі күні мердігер мекеме төбедегі жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Электр жүйелерін де ауыстырды. Уақытша басқа бөлмелерде оқып келген оқушылар өз кабинеттеріне қайта оралды. Ата-аналар мен ұстаздардың атынан осы мәселенің тез шешімін табуға ықпал еткен сіздердің арнаға да алғысымыз шексіз!

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында республикалық маңызға ие 215 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда СҚО-дағы дәрігерлердің қызметтік үйлерінен қуылу мәселесі шешімін тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы