368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар ШҚО-дағы шекара шебін аралады

  • 235
  • UPD: 23:29, 10.09.2018

Парламент Сенатының депутаттары бүгін Шығыс Қазақстандағы шекара шебін аралады.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған топ ел іргесін күзетіп жүрген әскери азаматтардың хал-жағдайымен танысып шықты. Зайсандағы «Майқапшағай» кеден бекетіндегі жұмыс ретін де көрді. Ал Күршім ауданында комитет көшпелі отырыс өткізді. Еліміздің ҰҚК басшысының орынбасары Дархан Ділманов қазір шекара қызметін қаржыландыру деңгейі баяу екен жеткізді. Мәселен, қосымша модульді заставалар сатып алу керек. Бірақ бұл мәселе әлі шешілу үстінде. Жиында жылу беру маусымына әзірлік жайы да қозғалды. Облыста бұл саладағы бөлімшелердің 80 пайызы қысқа дайын. 

Төлеубек Мұқашев, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы:

– Осы отырыстан кейін Парламентте барлығын талқылап, келесі заңдарға, заңнамаларға өзгерістер енгізіп, шекара жағдайының жақсаруына, дамуына үлес қосамыз деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Алдағы екі тәулікте қарлы жауын жаууы мүмкін Қазақстанда «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты тоқ желісі салынуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы