374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты тоқ желісі салынуы мүмкін

  • 242
Қазақстанда «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты тоқ желісі салынуы мүмкін

Елімізде «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты тоқ желісі салынуы мүмкін.

Егер бұл жоспар жүзеге асса, оңтүстік өңірлерге электр қуаты 4-5 есе артық жеткізіліп, саладағы өзекті мәселелердің бірі шешімін табады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. «КЕГОК» компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, электр қуатының жетіспеушілігін тек цифрлық технологиялар арқылы жоюға болады. Осы мақсатта, олар тұрақты тоқ желісін салумен бірге, автоматты басқару жобасын енгізуді көздеп отыр. Мәселен, жиілік пен қуатты реттеу автоматикасы электр энергиясын ысырапсыз пайдалануға мүмкіндік береді. «Бұдан бөлек, жаңартылған қуат көзі жобаларын жүзеге асыру күн тәртібінде», – дейді сала өкілдері.

Бақытжан Қажиев, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы:

– Электр қуатын өндіретін станциялардың қуатын есептегенде, 1200 ғана мегават бар. Сонымен ЖЭС іске қосып, қалған тапшылықтың бәрін жойып, солтүстік аймақтардан электр желілерімен таратамыз.

Осы категория бойынша: « Сенаторлар ШҚО-дағы шекара шебін аралады Оралда жыл басынан бері балалардың қатысуымен 32 жол апаты тіркелген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы