374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда теңіз жағалауына қобыздың мүсіні орнатылды

  • 250
  • UPD: 12:32, 11.09.2018

Ақтауда қаласында Каспий жағалауына қобыздың мүсіні орнатылды.

Бұл Қарақия тұрғындарының Ақтау қаласының 55 жылдығына арнаған тартуы. Композицияда қазақ халқының көнеден қалған аспабы мен татулық пен бірліктің нышаны саналатын шаңырақ бейнеленген. Биіктігі 4, ені 1, ұзындығы 2 метр болатын қобыздың негізгі қаңқасы темірден құйылған. 60 градус ыстық пен суыққа төзімді шыны талшықтармен қапталған. Ерекше сый қала көркіне сән қосып, жұртшылықтың көзайымына айналды. Өткен айда Каспий маңындағы мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында пайдалануға берілген жаңа жағалауда қобыздан өзге де ұлттық нақыштағы мүсіндер қойылуда. 

Марат Қожағұлов, суретші:

- Тағы бір аудан әкімінің Ақтау қаласына арнап берген ұснысы бар. Ол торсық. Ол да биіктігі осындай, 4 метрге жуық. Әйнекті талшық материалмен жасалған. Оны да осы жағалауға қоямыз.

Осы категория бойынша: « «7-20-25». Баспаналы болуға ниеттілер көп Петропавлда бір учаскелік дәрігерге 2 мыңнан астам адам қаралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы