369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Дамыған елдерде заң қабылданбас бұрын қоғам пікірі тыңдалады

  • 152
  • UPD: 15:38, 11.09.2018

Елімізде норма шығармашылықтың жүзеге асу жайы қалай жүріп жатыр? Заң шығару және қабылдау саласын жетілдіру үшін қандай қадамдар жасау керек?

Астанада бас қосқан халықаралақ сарапшылар осы тектес тақырыптарды талқылады. Мамандардың айтуынша, заң азаматтарға қолайлы болуы шарт. Яғни нормативтік-құқықтық акітлерді қабылдау барысында барлық тараптың пікірі ескерілуі тиіс. Оның үстіне мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін электронды технологияларды енгізу қажет. Бастысы, жергілікті азаматтар белсінді әрекет етіп, қабылданатын заңға қатысты үнемі өз пікірлерін білдіріп отыруы тиіс.

Ярик Крывой, Британиядағы халықаралық және салыстырмалы құқық институтының профессоры

- Заңды қабылдап ғана қоймай, болашақта қоғамда қалай қолданылып жатқанына мониторинг жүргізіп отыру маңызды. Сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдау барысында оған қатысты барлық саланың өкілдерімен кеңес өткізу керек. Яғни заң біржақты қабылданбауы тиіс.

Ерлан Бұзырбаев, норма шығармашылық бойынша сарапшы:

- Дамыған елдерде заңды қабылдар алдында қоғамның пікірі тыңдалады. Сол үшін ашық пікірталастар өткізіледі. Біздің заң қабылдау жүйесіне де осы тәжірибені енгізуді ұсынып отырмыз. Бірақ бүгінде азаматтарымыздың белсенділігі төмен. Олар көбіне заң қабыланып, қолданысқа енгеннен кейін өздерінің кері пікір білдіріп жатады. Егер олар осы пікірін заң қабылданбай тұрып айтатын болса, үкімет пен қоғам өкілдері келісіп, келте болмайтын заң қабылданар еді.

Осы категория бойынша: « Петропавлда бір учаскелік дәрігерге 2 мыңнан астам адам қаралады Соғыста наградаға ұсынылған ардагер орденін 73 жыл өткенде алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы