364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз 2030 жылға дейін электр қуатының 50 процентін баламалы көздерден алады

  • 181
  • UPD: 15:31, 11.09.2018
Еліміз 2030 жылға дейін электр қуатының 50 процентін баламалы көздерден алады blogspot.com

Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясының 50 проценті баламалы көздерден алынады.

Яғни басымдық жел мен күн қуатына беріледі. Павлодар облысында Парламент Сенатының кәсіпкерлік, инновациялық даму және экономикалық саясат Комитеті өкілдері осы тақырыпта жиын өткізді. Сондай-ақ Екібастұз мемлекеттік аумақтық электр станциясында болып, жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бүгінде екібастұздық стансалар энергияны қатты көмір есебінен өндіреді. Яғни Қазақстандағы энергия қуатының 40 пайыздан астамы өңір кәсіпорындарының үлесінде. Айта кетейік, соңғы жылдары энергия артығымен өндірілген, себебі ресейлік нарық өзге өндірушілерге бет бұрған. Осы ретте энергетиктер қауымы өнімді арзандатып, өзге тұтынушыларды іздестіру қажет дейді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Бірінші менвер жасау мүмкіндіктерінің үлесін арттыру. Екіншіден, энергияның құнсызданы деңгейін төмендету. Үшіншіден, энергия шығындарын оңтайландыру.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазіргі кезде біз ертеңгі күні күн энергиясын іске қосу жөніндегі жұмысты айқындап алуымыз керек. Соған жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар, осы салада жұмыс істейтін мекемелер, соның ішінде, Екібастұз МАЭС-нің болашағы қалай болады? Егер баламалы энергия көбейетін болса, оның өзіндік құны төмен болса, осы жерде көмір өндіру мәселесі, электр энергиясын шығару мәсеесі, ең бастысы, энергияны сату мәселесі қалай болады?

Осы категория бойынша: « 7-20-25: Елімізде үш аймақ несие алудан көш бастады Биыл СҚО-ға басқа облыстардан 690 отбасы көшіп келген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы