374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр

  • 134
  • UPD: 18:37, 11.09.2018

Қарағанды қаласының бірінші жəне үшінші жылу электр станциясын жөндеу жұмыстарына 3,5 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Биыл 16 қазандық пен 10 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. Ал үшінші жылу электр станциясында жылыту маусымына қызу дайындық жүргізілуде. Аталған мекеме Қарағанды қаласын электр энергиясымен, қыс айларында жылу және ыстық сумен қамтиды. Қазір мұнда ақауы бар қазандықтар мен турбиналар жөнделіп жатыр.

Айдын Бексұлтанов, энергетикалық компанияның атқарушы директоры:

- Жылу электр станциясының жұмысын жақсарту үшін күл үйіндісі дамбасының үшінші секциясы кеңейтілмек. Бұл мекеме үшін аса маңызды жобалардың бірі болып отыр. Мұндағы күл үйіндісі 3 секциядан тұрады. Қазір бірінші жəне екінші секторлар жұмыс істеп тұр. Енді үшіншісін іске қосуға дайындалып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Биыл СҚО-ға басқа облыстардан 690 отбасы көшіп келген Талдықорғанда «Тарихи жол» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы