365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Тарихи жол» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті

  • 323
  • UPD: 18:49, 11.09.2018
Талдықорғанда «Тарихи жол» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті Аргументы Недели

Оның көмегімен тарихи-мәдени ескерткіштер туралы қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде қызықты ақпарат алуға болады.

Еліміздің тарихын жаңғырту және туризмді дамыту мақсатында жасалған қосымша алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында пайда болған еді. Онда еліміздегі киелі жерлер тізіміне кірген 40 нысан бар. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша 20 нысанды қамту жоспарланып отыр.

Айта кеткен жөн, «Тарихи жол» мобильдік қосымшасы ғаламторға қосылмай-ақ жұмыс істей береді.

Ерболат Қанатбек, жобаны әзірлеуші:

- Интернетсіз істейді. Яғни, алыс жерлерде интернет ұстамай қалған кезде ол оның көмегінсіз-ақ, офлайн режимде жұмыс істей береді. Алдағы уақытта біздің жобамыз бойынша Алматы облысында 20 ескерткішке QR-код орнатуға тырысамыз.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр «7-20-25»: Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы