367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында мектеп құрылысын кешіктірген мамандар сөгіс алды

  • 166
  • UPD: 20:21, 11.09.2018
Қарағанды облысында мектеп құрылысын кешіктірген мамандар сөгіс алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Тұзды ауылындағы орта мектептің құрылысын кешіктірген Білім бөлімі басшысының орынбасары мен есепшісіне қатаң сөгіс жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір үш бірдей елді мекеннің 150-ге жуық оқушысы ескі әкімшілік ғимаратында оқып жатыр. Тар бөлмелерде балалардың білім алуына еш жағдай жасалмаған. Мұнда не жарық, не су, не жылу жоқ. Ал асхана, спорт залы, әжетхана туралы айтудың өзі артық. Балалар жаңа мектепке тек қазан айында ғана көшеді. Себебі мұнда құрылыс жұмыстарының тек 45%-ы ғана аяқталған. Тендер тым кеш өткізілгендіктен, қажетті қаржы бөлінбепті. Сондықтан жөндеу жұмыстары да тек тамыз айында басталған. Мердігерлер құрылысты тездетіп аяқтау үшін,қазір жұмыс күшін үш есеге ұлғайтты. Мәселен бұған дейін мұнда 15 адам ғана еңбек етсе, бүгінде құрылысшылар саны 45-ке жетіпті.

Рауан Рымбек, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- 45% жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда жұмыс күші 3 есеге ұлғайтылды. Мердігерлердің айтуы бойынша осы қыркүйек аяғына дейін жөндеу жұмыстары бітіреді.

Осы категория бойынша: « Ақтау тұрғындары сатып алған үйлеріне кіре алмай жүр ЖИТС ауруын қасақана таратқан азамат үстінен іс қозғалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы