367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеделсатылардың сапасы қашан реттеледі?

  • 162
  • UPD: 21:56, 11.09.2018

Жеделсаты ешкімді аяп жатқан жоқ. Тиісті күтім болмаса, адам өліміне әкеледі.

Жыл басынан бері еліміздің батысында екі оқиға тіркелді. Естеріңізде болар, Ақтөбе қаласында лифттің кабинасы мен шахтаның арасында қысылып қалған Айзат Әбдісамат ауруханаға жетпей көз жұмған еді. Кейін болған тексеру жеделсатының техникалық жағдайының сын көтермейтінін анықтады. 25 жылдан бері техникаға тиісті сараптама жүргізілмеген. Салғырттығы үшін жауапты серіктестіктің директоры мен лифт жөндеуші сот алдында жауап беріп жатыр. Әзірге кінәларын мойындамаған. Ал Атырауда екі жеткіншек лифттің шахтасына құлап, көз жұмды. Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған заң жобасын әзірлеп қойды. Жақында депутаттар назарына ұсынады. Мұнда жеделсаты мәселесін шешудің жолдары көрсетілген.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Лифт шаруашылығы қауымдастығы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, арнайы стандарттар әзірледік. Мұнда лифттің сапасы, оны қолдану мен қызмет көрсетуге қатысты талаптар бар. Елдің аумағына кіргізілетін лифтілердің сапасы туралы да жазылған. Стандарттар жинағы техникалық реттеу комитетінің сайтына жарияланды. Сын-ескертпелерді ескере отырып, оны жақында қабылдауымыз керек.

Осы категория бойынша: « «Хабар» Агенттігі мен CGTN бейнеконтент алмасу жөнінде келісімге қол қойды Д.Назарбаева бастаған бір топ сенатор Семейдегі әскери бөлімдерді аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы