365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр

  • 196
  • UPD: 22:19, 11.09.2018
Елімізде жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр

Қазір жылу электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарының 50%-ы аяқталған.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Сала басшысының айтуынша, 4 энергоблок, 32 қазандық және 24 турбина қайта қалпына келтірілді. Бұған қоса, электр желілерін жөндеу ісі 85%-ға орындалды. Жалпы кейбір аймақтар көмір мен мазут қорын әлі күнге толықтырмай келеді. Солардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстары бар.

Айта кеткен жөн, биыл Энергетика министрлігі мен Инвестиялар және даму министрлігі бірлескен жедел штаб жұмысын бастап, саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуді жоспарлап отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Әр айдың ішінде селектор өткіземіз. Қай аймақтарда кемшіліктер бар. Қай аймақтарда вагондар жетіспейді. Сол мәселелерді жедел шешу үшін құрылған.

Осы категория бойынша: « Д.Назарбаева бастаған бір топ сенатор Семейдегі әскери бөлімдерді аралады «Саламатты Қазақстан» пойызы шалғай ауылдарды аралап жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы