370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Саламатты Қазақстан» пойызы шалғай ауылдарды аралап жүр

  • 211
  • UPD: 23:21, 11.09.2018

Осы айдың басында Қарағанды қаласынан жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы Ақмола облысының Есіл ауданына жетті.

Онда медициналық пойыз Ковыльная және Жаныспай станцияларына тоқтап, маңайдағы он шақты ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетті.

Айта кетейік, дәл осындай пойыздар қазір еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында да алыс ауылдарды аралап жүр.

Ковыльная станциясы облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Аталған жоба қолға алынған 10 жылдың ішінде «Саламатты Қазақстан» пойызы бұл елді мекенге бірнеше рет келіпті. Сондықтан жергілікті тұрғындар оны асыға күтеді.

Надежда Шут, Ковыльная ауылының тұрғыны:

Мұндағы дәрігерлер басқаша. Қондырғылары да жаңа көрінеді. Ең бастысы, ауданға бармай-ақ, осы жерден барлық мамандарды табасың. Кезек те көп емес. Өзімізге өте ұнайды.

Мұнда көрінуге келген тұрғындардың көбісі егде жастағылар. Бірінің басы ауырып, балтыры сыздаса, енді бірінің қан қысымы көтеріліп, қант диабетіне шалдыққан. Сондықтан бұл пойыз ол кісілерге өте ыңғайлы. Жылжымалы емханада жедел зертхана да бар. Ал сараптама нәтижелері небәрі 5-10 минуттың ішінде дайын болады.

Надежда Трунова, зертхана меңгерушісі:

Бізде анализаторлардың бірнеше түрі бар. Мәселен, гемотологиялық анализатор 18 сараптама жасай алады. Несеп, қан құрамын анықтайтын қондырғылар да жедел нәтиже алуға мүмкіндік береді. Халыққа барынша жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.

Айта кеткен жөн, 8 вагоннан тұратын пойыздың 4 вагонына дәрігерлік кабинеттер жайғасқан.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com:

- «Саламатты Қазақстан пойызы Ақмола облысынан шыққан соң Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Орталық Қазақстанғда аялдайды.

Бас-аяғы 80-нен астам станцияда 40 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Ал дәрігерлер мен жолсеріктер 80 күн бойы жолда жүреді».

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Елімізде жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр Мектептер мен балабақшаларда ақша жинаудан бас тарту акциясы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы