365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте ТМД елдерінің әскери сайысы өтіп жатыр

  • 202
  • UPD: 23:42, 11.09.2018
Ташкентте ТМД елдерінің әскери сайысы өтіп жатыр

ТМД елдерінің әскери сайысында жеңіске жеткен сарбаздарға болашақта халықаралық спорт шебері деген атақ берілуі мүмкін.

Бұл туралы қоян-қолтық ұрыстан бес мемлекеттің күштік құрылымдары арасында Ташкентте өтіп жатқан дүбірлі додада айтылды. Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстаннан 49 сарбаз қатысып жатыр. Жарыс 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Сайысты қазақ сарбаздары жеңіспен бастады. 60 келі салмақ дәрежесі бойынша алғаш болып татамиге шыққан кіші сержант Архат Баяхметов беларусьтік қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ал 65 келі салмақта Әуе қорғаныс күштерінің капитаны Абдулхамит Сейдазимов пен 70 келіде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Абылай Табанов қарсыластарын ойсырата жеңіп, екінші айналымға шықты.

Снх.Архат Баяхметов, кіші сержант:

- Бүгін бірінші кездесуімді Беларусь спортшысымен өткіздім. Ол көбіне күрес тактикасын қолданды. Соған қарсы айла қолданып, кіргізбеуге тырыстым. Қарсыластарымның бәрі мықты. Алда Қырғызстан өкілімен кездесемін. Әр спортшы өз тәсілімен мықты болады. Оған да қарсы тактика қолданып, тағы да жеңуге тырысамын. Жеңеміз!

Расұл Мейірманов, ҚР ҚМ спорт комитетінің төрағасы:

- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақ беру мәселесі ҚР ассоциациясында көтеріліп жатыр. Биыл біз ҚР Бас қолбасшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Президент күніне арналған республикалық турнирін өткіземіз. Сол кезде конференцияда осы сұрақ талқыланады. Ал ендігі жылдан бастап Президент күніне арналған турнир халықаралық дәрежеде өтеді. Сол уақыттан бастап халықаралық спорт шебері атағы берілетін болады.

Осы категория бойынша: « Әсет Исекешов елордалықтарға үндеу жолдады Астанада халықаралық марафон өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы