365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада халықаралық марафон өтеді

  • 145
  • UPD: 23:54, 11.09.2018
Астанада халықаралық марафон өтеді astana.gov.kz

16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық шараға қатысуға Қазақстаннан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет танытқан.

Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы – шетелдік агенттер. Марафон қашықтығының бағытын  IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған.

«Astana Marathon-2018» жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 км қашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады.

Осы категория бойынша: « Ташкентте ТМД елдерінің әскери сайысы өтіп жатыр Қазақстанда балалардың биіктен құлау оқиғалары жиілеп кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы