374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы жылдары кибер шабуылдардың саны өскен

  • 135
Соңғы жылдары кибер шабуылдардың саны өскен

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды.

Бұл туралы Алматыда өткен «Ақпараттық қауіпсіздік: саланың ерекшелігі, нарықтағы ойыншылар мен механизмдер» атты жиында айтылды. Мамандардың зерттеуінше, соңғы жылдары кибер шабуылдардың саны өскен. Хакерлерден, бірінші кезекте мемлекеттік ұйымдар, сауда нысандары, жеке азаматтар зардап шегеді екен. Кибер қылмыскерлер көздеген ақпаратына қол жеткізу үшін технологияның соңғы жетістіктерін қолданады. «Сондықтан кибер қауіптің алдын алу үшін ақпарат алмасудың интеграцияланған жүйесін құру маңызды», – дейді мамандар. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» басшылығы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ресейлік компаниямен бірлескен меморандумға қол қойды.

Ержан Біржанов, ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» директоры:

– 2019 жылы техникалық қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтаймыз. Біз шетелдік әріптестермен, оқу орталықтармен бірлесіп, әрекет етудеміз. Бүгінгі меморандумға қол қою – ақпараттық қауіпсіздікке жасалған қадам.

Осы категория бойынша: « Елорданың медициналық мекемелеріне маман жетпей жатыр Ақтөбеде инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы