374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда аумағы батпаққа айналған саябақ қалпына келтірілмек

  • 176
Павлодарда аумағы батпаққа айналған саябақ қалпына келтірілмек

Павлодар қаласында аумағы батпаққа айналған саябақ қалпына келтіріледі.

Бұған дейін 50 жылдық тарихы бар саябақтың жасыл желегі оталып, табиғи тепе-теңдік бұзылған еді. Табиғи сүзгі қызметін атқарған ағаштар кесілгендіктен, аумақ батпаққа айналды. Ал жаңадан отырғызылған көшеттер ауруға шалдығып, қурап кеткен. Енді саябақты құтқару үшін жергілікті билік ауқымды жоба әзірлеп отыр. 200 млн теңге болатын жоба мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бір жылда жүзеге асырылмақ. Мамандар экологиялық мәселені жасанды су айдынын жасау арқылы шешпек. Осы тектес саябақтар Еуропа елдерінде көптеп кездеседі. Жаңа жоба аясында саябақта бірегей сәулет ландшафтық композиция болады деп күтілуде. Сонымен қатар сулы жерде өсуге бейімелген 800 ағаш отырғызылады. Еске сала кетсек, саябақтың мүшкіл жағдайына қатысты жергілікті экологтар наразылық білдірген. Мамандардың пайымдауынша, жерасты сулары ағаштардың оталуынан көтерілген. «Сауықтыру жұмыстары қолға алынбаса, соңы экологиялық апатқа әкеліп соқтырады», – дейді олар.

Андрей Балашов, қала әкімінің орынбасары:

– Жоба бойынша нөсерлік дренаждық суағарлар құрылысы қарастырылған. Яғни саябақтағы жиналған су осы жасанды су айдынына жиналмақ. Оның бір бөлігі кәрізге ағады, ал қалғаны жасыл ағаштарды суаруда қолданылады. Осылайша, жасанды өзеннің суын екінші рет кәдеге жаратамыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстанның сот жүйесінде тіркелген арыздардың саны 3 млн-нан асқан Жамбыл облысында 107 нысанның құрылысы жүріп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы