365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда шығарылатын балалар аяқ киімдеріне сұраныс артты

  • 158
  • UPD: 15:52, 12.09.2018
Таразда шығарылатын балалар аяқ киімдеріне сұраныс артты

Таразда балаларға арналған аяқ киім шығарыла бастады.

Кәсіпорын алғашқы 5 мың жұбын тігіп, қырғыз еліне экспорттап үлгерді. Қазір мұнда қысқы және күзгі аяқ киім үлгісінің 10 түрі бар. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Дайындалған тауардың дені жергілікті нарыққа жіберілген. Өндірісте 95 пайыз отандық өнім пайдаланылады. Тек табаны мен бауы Германия мен Ресей елдерінен сатып алынады. Жалпы фабрика жылына 400 мың жұп аяқ киім жасауға қауқарлы. Онда 400 адам еңбек етеді. Жуырда шетелден жаңа қондырғылар әкелінді. Осының арқасында өндіріс орны өнім көлемін еселемек.

Мұхтар Шаюнусов, кәсіпорын бас директорының орынбасары:

– Қазір дизайнер мамандар аяқ киім үлгілерінің өзге түрлерін жасаумен айналысып жатыр. Жаңа түрін келесі жылдан бастап шығара бастаймыз. Экспорттау үшін жан-жақты келіссөздер жүргізілуде. Қосымша Германияға жаңа қондырғыларға тапсырыс беріп қойдық.

Осы категория бойынша: « «Хабар 24» арнасының сайты қолданушыларға ыңғайлы дизайнға ауысты Ақтөбе облысында электр желілері жаңғыртылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы