365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаһардағы оқушылар санының артуы мектеп тапшылығына әкелді

  • 248
  • UPD: 16:05, 12.09.2018

Жыл сайын Алматыда мектепке баратын бала саны артып келеді.

Мысалы, биыл бірінші сыныпқа 29 мың бала қабылданған. Ал жалпы оқушы саны – 240 мың. Бұл дерек шаһардағы демографиялық жағдайдың жақсарып келе жатқандығын көрсетеді. Бұл – әрине қуантарлық жағдай.

Алматыдағы «Өжет» ықшамауданында жалғыз №156 орта білім беретін мектеп бар. Білім ордасы 1800 балаға лайықталған. Алайда қазір мұнда 3600 бала екі ауысымда оқуға мәшбүр. Биылғы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған балалар саны артып, 18 бірінші сынып ашылды. 

№ 156 мектепке тек осы елді мекенде тұратындар ғана емес, жақын маңдағы «Дархан» мен «Көкқайнар» ықшам аудандарынан да балалар қатынап оқиды. Өйткені мектеп жоқ. Және бұл мәселе Наурызбай мен Алатау аудандарына ортақ. 

Алмас Садуақас, тілші:

– Баланы әзірлеу, оны сабаққа апарып, алып қайту үлкен жұмыс, тіпті кейбір ата-ана үшін машақат. Егер жақын маңда мектеп бомаса, тіпті қиын. Бұдан күнделікті жолға кететін уақыт пен көлік кептелісі сынды мәселе туындайды. Қазір Алматыда «Өжет», «Дархан», «Ақбұлақ» пен «Саялы» сынды ықшамаудандарға бұл мәселе ортақ.

Блиц:

– Мектеп ашылады деп ойлаймын. Содан кейін осында барамыз.

– Егер осы ауданда мектеп ашылса, жақсы болар еді. Көп ата-ана балаларын алыстағы мектептерде оқытып жүр. Бастысы, дер кезінде салынып бітсе дейміз.

Өткен жылы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен тапсырылған «Атлетикалық ауыл» – тұрғындарының тілегі. Биыл мұнда 600 орынға лайықталған мектептің құрылысы басталды. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, ол қараша айында толық аяқталуы тиіс. Ал шалғайда орналасқан «Дархан» мен «Рахат-Мәдениет» ықшамаудандарында тұратын оқушылар мен оларды күнде шалғай жердегі мектептерге апарып оқытатын ата-аналар үшін кемінде 2 жыл күтуге тура келеді. 

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Екінші мәселе – «Дархан» шағын ауданында мектептің жоқтығы. Ол білім басқармасынан қазіргі кезде тапсырыс берілді. Ол жерде мектеп құрылысын бастаудан бұрын жер мәселесі болған болатын. Жер мәселесі қазір шешімін тауып, басқарма арқылы құрылыс жұмыстары басталады.

Алматыда қазір 204 мемлекеттік және 53 жекеменшік мектеп жұмыс істеп тұр. Әлі 17 мың орын тапшы. Биыл Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Десек те жыл сайын мектепке баратын бала саны артып келеді. «Сондықтан тұрғын үй кешендерін жарыса салып жатқан құрылыс компаниялары сол үйлерге қоныстанатындардың балалары үшін мектеп пен балабақша құрылысын, басқа да әлеуметтік нысандарды алдын ала жоспарласа», – дейді Саялы шағын ауданының тұрғындары. Өйткені мұнда екі жылдан бері бірнеше жаңа үй пайдалануға берілді, тағы да салынып жатыр. Бірақ осы шағын аудандағы жалғыз мектепте орын жетіспейді. Сондықтан, балаларын қаланың әр бұрышына тасып, қиналып жүрген ата-аналар аз емес.  

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов, Нұрдәулет Жақсыбаев

Осы категория бойынша: « Түркістан облысындағы қауын-қарбыздың 40 пайызы экспортқа кетті Елімізде заң мамандарының біліктілігін тексеретін бірыңғай орталық құрылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы