374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тегін дәрі-дәрмекке тапсырыс науқастардың санына орай қабылданады

  • 137
  • UPD: 20:44, 12.09.2018

Тегін дәрі-дәрмекке тапсырыс биыл нақты науқастардың санына орай қабылданады.

Ал мемлекеттік сатып алу алғаш рет электронды түрде жүргізіледі. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі дер кезінде тегін препараттармен қамтамасыз ету мәселесін шешпек.

Себебі былтыр жергілікті бюджетте қаражат жетпегендіктен 60 млрд теңгенің дәрісіне тапшылық туындапты. Әрі аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қажетті дәрі-дәрмектің тізімін дұрыс жоспарлай алмаған. Енді электронды жүйеге көшкеннен кейін мұндай кемістіктер шешіліп, бармақ басты, көз қысты әрекеттері тыйылуы тиіс.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Тегін дәрі-дәрмектің тізіміне кіретін дәрілер тегін беріледі. 100 пайыз емдеуге қажетті дәрінің 30 пайызы деп айтуға болады. Қалған дәрі-дәрмек мемлекеттің тегін кепілдігіне кірмейді. Тегін дәрі-дәрмек табылмаса, біздің фармация комитетінің департаментіне телефон шалып, жазба хабар берсе біз міндетті түрде зерттеп, қажетті әкімшілік және құқықтық шешім қабылдаймыз.

Осы категория бойынша: « Елімізде заң мамандарының біліктілігін тексеретін бірыңғай орталық құрылады Enbek.kz сайтында жұмыс берушілердің саны артты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы