Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Enbek.kz сайтында жұмыс берушілердің саны артты

  • 142
  • UPD: 16:47, 12.09.2018
Enbek.kz сайтында жұмыс берушілердің саны артты

Жыл басынан бері Enbek.kz порталында бос орындарды ұсынатын жұмыс берушілердің қатары 3 есе артты.

Бүгінде олардың жалпы саны 3 мыңнан асады. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Осы ретте жұмыс іздеп сабылып жүргендер саны біршама қысқарған. Мәселен, портал қызметі арқылы 5 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Электронды қызмет жұмыс берушіге де, іздеушіге де тегін. 

Қаламқас Құлшиманова, Жұмыспен қамту орталығының Астанадағы бөлімшесінің басшысы: 

- Желіде жарияланған бос орындарды орталық мамандары саралап, сұранымға лайықты адамдарды іріктейді. Барлығы ақысыз негізде, тегін жүргізіледі. Жұмыс беруші де, іздеуші де қажетті ақпаратты жеке кабинетіне кіріп, онлайн бақылай алады.

Осы категория бойынша: « Елімізде тегін дәрі-дәрмекке тапсырыс науқастардың санына орай қабылданады Павлодар облысында құрылыс қарқыны төмендеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы