365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Еркін ауылында жаңа амбулатория салынады

  • 185
  • UPD: 23:20, 12.09.2018

Хабарларымыздың бірінде осы Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның мүшкіл халге түскенін көрсеткен едік.

Іргетасы 1964 жылы қаланған ескі ғимараттың іші қыста салқын, жазда ыстық болатындықтан, жас мамандар тұрақтамайтынын, тіпті өткен жылы қыста пеші жарылып, күзетшісі күйіп қалғанын да егжей-тегжейлі баяндадық. Ауыл тұрғындары ұзын-сонар кезек тізілетінін айтып шағымданса, дәрігерлер әбден ескіріп, тозығы жеткен амбулаторияда адам қабылдаудың мүмкін болмай бара жатқанын ашына айтқан еді. Бүгін Алматы облысынан «Еркін ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория салынатын болды» деген қуанышты хабар жетті. «Ескі ғимараттың орнына заман талабына сай, типтік үлгідегі екі қабатты медицина мекемесі бой көтереді. Дәрігерлер бірінші қабатында жергілікті тұрғындарды қабылдаса, екінші қабатында 100 адамға арналған палаталар орналасады. Құрылыс жұмыстары алдағы қараша айында басталады. Бұл туралы  біздің арна тілшілеріне Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады. 

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Былтыр облыс әкімінің халықпен жүздесуі кезінде тұрғындар осы амбулаторияның мәселесін көтеріп, бұл мәселе облыс әкімінің назарына алынған болатын. Биыл барлық құжаттары дайындалып, қазіргі күтіп отырғанымыз мемлекеттік сараптама. Қараша айында бұл ғимарат толығымен сүріліп, орнына екі қабатты, министрлік бекіткен талаптарға сай келетін жаңа ғимарат бой көтеретін болады. Жаңа амбулатория келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Осы категория бойынша: « Аягөз-Қарауыл-Қайнар жолының күрделі жөндеу көрмегеніне ширек ғасырдан асты Алматыда ТМД елдері жастарының форумы жұмысын бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы