367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болмайды

  • 183
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болмайды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болмайды, отынды тасымалдауда да еш кедергі туындамайды.

Жергілікті билік өкілдері осылай деп отыр. Бүгінде өңірдегі барлық бюджеттік мекемелер қысқа толықтай қамданған. Ал жергілікті тұрғындар әзірге 230 мың тонна көмір сатып алған. Қазір бұл отын түрінің бір тоннасы аймақта 8 мың мен 14 мың теңге арасында саудаланып жатыр. Облыс бойынша сақтау орындарында 62 мың тоннадан астам көмір бар. Естеріңізде болса өткен жылы өңірде көмір тасымалдауда біраз қиындықтар туындаған еді. Салдарынан төрт бірдей компания көмір бағасын негізсіз көтерген. Арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары оларға 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салған.

Александр Петрунин, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Биыл ертерек қамданып жатырмын. Себебі өткен жылы қара отын болмай оны айлап тосқан едік. Оның үстіне қыста суық болды.

Айдархан Мусин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Бюджеттік ұйымдарға биылғы жылға 146 мың тонна. Қазіргі күні ол 100 пайыз дайындалған. Тұрғындарға қажеттілік 384 мың тоннаны құрайды. Қазіргі күні 50 пайыздан астамы дайындалған. Көмірді алуға тұрғындар асығар емес. Сондықтан да тұрғындарға біздің беретін кеңесіміз қазіргі кезде көмірді қажетті мөлшерде дайындап алуларына кеңес береміз.

Осы категория бойынша: « Теңіз кен орнын кеңейтуге 100 мың адам қатысып жатыр Талдықорған қаласы жылыту маусымына дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы