374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та қатерлі ісікті емдеудің тың тәсілі сәтті жүзеге асты

  • 250
  • UPD: 00:31, 13.09.2018

Астаналық ақ халаттылар қатерлі ісік дертін жаңа әдіспен емдей бастайды. Науқастарға томотерапия тәсілімен көмек көрсетілмек.

Бұл әдіс АҚШ-та сәтті жүзеге асып жатыр екен. Бір топ қазақстандық дәрігер емнің осы жаңа түрін ендіре бастаған америкалық ауруханаға барып қайтты.

АҚШ-та томотерапияны алғаш рет 2010-жылы қолданыла бастаған.  Дәл әрі қауіпсіз сәулелендірудің арқасында қатерлі ісіктер  жанама әсер қалдырмай, біртіндеп кетеді екен.

Даниэль Фасс,  Нью-Йорктегі томотерапия орталығының директоры:

- Радиация қатерлі ісіктерді жойып, қасындағы жасушыларға зиян тигізбейді. Онкологиядағы бұл ұлы жетістік енді Қазақстанда да қол жетімді. Астанада осы жобаны дәрігер Абай Байгенжин енгізді. Ауруханаларыңызға томотерапиялық жаңа екі апаратты орнаттық. Мен осы жобаға қатысып, дәрігерлер, мамандар мен радиологтар тобының жұмысын үйлестіріп жүрмін.

Медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжиннің Қазақстанда томотерапия орталығын ашу ұсынысын Президент Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған. Өз үндеуінде Елбасы медицинаны дамытудағы басымдықтардың арасында қатерлі ісіктің ерте диагностикасы мен емдеуін атап өткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2020 жылға дейін онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны мен осы дерттен өлім көрсеткіші екі есе артады. Медицина мамандары осы ретте дабыл қағып отыр.

Даниэль Фасс, Нью-Йорктегі томотерапия орталығының директоры:

- АҚШ пен бүкіл әлемде жаңа құрал-сайман қолданылып жүр. Бірақ бір үлкен мәселе бар - дамушы елдерде оны пайдалана алмайды. Байгенжин мамандар мен сарапшыларды Қазақстанға шақырып, өз дәрігерлерін бізге жіберіп тұрады. Химиотерапия кейде адамдардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді, ал осы аппаратпен аурудан толық сауығуға болады.

Мамандардың пікірінше, томотерапияның бір артқышылығы жанама әсер қалдырмайды. Фотон сәулелері ісікке бағытталып, ағзаның сау бөлігіне тимейді.

Даниэль Фасс, Нью-Йорктегі томотерапия орталығының директоры:

- Науқас келгенде аппарат Жи-Пи-Эс секілді ауру ошағын автоматты түрде анықтайды. Бар рәсімге 10-15 минут кетеді. Науқасқа ешқандай дәрі керек емес. Шашы түспей, жанама әсер қалдырмайды. Ең ауыр емделетені қуықалды безінің ісігі. Ерте анықтаса, оны да емдеуге болады. Сол себептен онкологиялық аурулардың ерте диагностикасының маңызы зор. 

Даниэль Фасс Қазақстанға жиі келуге ниетті. Ол қатерлі ісікті емдеуге болатынын біледі және осы жөнінде бірнеше кеңес берді.

Даниэль Фасс, Нью-Йорктегі томотерапия орталығының директоры:

- Ең бірінші кеңесім шылым тартпаңыз. Бұл әдет денсаулығыңызға үлкен зиян келітерді. Дене шынықтырыңыз. Жаттығулар онкология, семіздік пен диабеттен сақтайды. Күніне 20-30 минут жаттықсаңыз жетеді. Дұрыс тамақтану қажет. Қазақстанда тағамдар өте дәмді, бірақ ауыр қорытылады, етті көп жейсіңдер. Көкөністі көбірек тағамға қосу керек. Ұйқыңыз да жақсы болуы қажет. Үнемі дәрігерлік тексеруден өтіңіз. Әйелдер міндетті түрде мамографиядан өтуі тиіс. Осылайша ұзақ өмір сүресіз.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Осы категория бойынша: « Талдықорған қаласы жылыту маусымына дайын Алматы облысында «Жартас-2018» тактикалық оқу-жаттығуы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы