374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз жол салудың жаңа әдісін ТМД-да алғашқы болып қолданып жатыр

  • 198
  • UPD: 00:24, 13.09.2018
Еліміз жол салудың жаңа әдісін ТМД-да алғашқы болып қолданып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жол құрылысында ТМД  елдірінің ішінде алғаш болып, топырақты нығыздауға арналған заманауи техника қолданылып жатыр.

Оның тиімділігін Өскемен –Зырян бағытындағы жол құрылысшылары сынап көрді. Техниканың көмегімен жолға бірден қалыңдығы 1,5 метр қабатты төсеп шығуға болады. Яғни арнайы құрылғы тек жұмысты жеңілдетіп ғана қоймай, уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Салынып жатқан жол Рахман Бұлақтары, Бұқтырма, Көгілдір Бұғаз сынды демалыс орындарына апарады. Ірі жол құрылысында 700 адам еңбек етуде. Қолданылып жатқан метариалдардың 95 проценті отандық.

Айдын Майусов, мердігер мекеменің Зырян ауданы бойынша филалының директоры:

- Таза өз өнімдерімізді пайдаланып жатырмыз,бірінші кезекте темір бетонды бұйымдар , инертті қабаттарды себу  материалдары,жанар-жағар май,тау жыныстарын жаруға арналған заттар, барлығы да тек елімізде жасалған отандық өнімдер.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында «Жартас-2018» тактикалық оқу-жаттығуы өтті Жамбыл облысында құрылыс көлемі 8,2 пайызға өсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы