374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда «Тіл академиясы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды

  • 112
  • UPD: 12:17, 13.09.2018
Теміртауда «Тіл академиясы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды

Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Тілдер күніне орай «Тіл академиясы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақ жазбасының тарихын дәріптейтін іс шараға мектеп оқушылары қатысты. Экскурсияда балаларға интерактив элементтері бар материалды жақсы ұғынуға, жазба туралы қызықты деректерді білуге көмектесетін, сондай-ақ қазақ тілінің кезеңдері туралы тапсырмалар, ойындар мен викториналар қарастырылған. Интерактивті бағдарламаға кириллицаға ауысу туралы және қазақ тілінің латын графикасына ауысуы туралы әңгімелер енгізілген. Сонымен қатар мұражайға келушілерге Брайль шрифті мен саңырау және мылқау жандарға арналған әліппе туралы ақпарат беріледі.Ал жәдігерлер ретінде түрлі замандардағы жазбалары бар сирек кездесетін монеталар назарға ұсынылған.

Гүлім Сыздықова, мұражайдың кіші ғылыми қызметкері:

- Экскурсияның мақсаты – көпұлтты Қазақстанда қазақ тілін дәріптеу, оны дамыту. Көне жазудан бастап, латын тіліне көшу туралы осы әріпті қолдана отырып экскурсиямызды ашуға тырыстық.

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның тау-кен қазу кәсіпорындарында кеншілер 65 градуста жұмыс істеген Оралда ата-енесін өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы