365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында алдағы екі жылда коммуналдық тарифтер негізсіз көтерілмейді

  • 121
  • UPD: 14:26, 13.09.2018

Ақмола облысында коммуналдық қызметтердің тарифтері алдағы екі жылдың көлемінде негізсіз көтерілмейді.

Себебі Табиғи монополияларды реттеу департаменті тұрғындарға жылу, су және жарық беріп отырған аймақтағы 23 коммуналдық мекемеге ұзақмерзімді тарифтерді бекітіп берген. Яғни олар 2016-2020 жылдар аралығында қызмет ақысын себепсіз қымбаттата алмайды. Дегенмен, құзыретті органға тарифті көтеру жайлы ұсыныс жасай алады. Бірақ мұндай бастамалар халықтың талқылауынсыз қолдау таппайды. Мәселен биыл осындай 25 ұсыныс бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен.

Әсет Құрашев, облыстық монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары:

- «Жылу сезонын бітіргеннен кейін біз есеп жасаймыз. Ол ақпаратты «Қазгидрометтен» аламыз. Осы 7-8 айда бізде жылу береді ғой.  Сол айларда температура қанша болды бәрін тексеріп, есеп жүргіземіз. Біз табиғи монополия субьектілеріне қайтарылым жасатамыз. Мысалы, биыл 10 млн-нан артық сондай тұтынушыларға  жылу бойынша қайтарылым жүргізілді.

Осы категория бойынша: « Оралда ата-енесін өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды Елімізде жолдар уақытылы салынбайды – Мәжіліс депутаттары »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы