364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Әсет Шаяхметовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр

  • 96
  • UPD: 15:39, 13.09.2018

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметовке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Айыпталушыға қалалық құрылыс бөлімінің басшысы «қызметін атқарған уақытында аса ірі көлемде пара алды және қылмыстық жолмен келген ақша мен өзге де мүлікті заңдастырды» деген айып тағылған болатын.

Талдықорған қаласы әкімінің экс-орынбасары Әсет Шаяхметов өткен жылдың қазан айында пара алу дерегі бойынша айыпталды. Қала әкімінің орынбасары лауазымын небәрі 10 шақты күн ғана атқарған мемлекеттік қызметкердің үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі яғни «Аса ірі көлемде пара алу» және 218-баптың 3-бөлігі 1-тармағы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру» дерегі бойынша іс қозғалып, бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды.

1985 жылы дүниеге келген Шығыс Қазақстан облысының тумасы бұрын істі болмаған. Құзылы органдар берген мәлімет бойынша бастапқыда ол қалалық құрылыс бөлімін басқарып тұрған кезінде құрылыс фирмалары басшыларынан 90 миллион теңге көлемінде пара алып, бармақ басты, көз қысты әрекетпен 3 шетелдік көлікті заңсыз жолмен иемденді делінген еді. Қазір бұл істі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Берікжан Байжүнісов қарап жатыр. Тараптар бүгінгі сот отырысына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына еш қарсылық білдірген жоқ. Судья қорғаушы мен тергеушінің арасындағы тартыстың шиеленісе түсуіне байланысты біздің сот залынан шығуымызды өтінді.

32 томға жеткен қылмыстық іске қатысты сот отырысының басталғанына бір айға жуық уақыт өтті. Оның әлі біраз уақытқа созылатын түрі бар. Біз бұл істі жіті бақылауда ұстайтын боламыз.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Г.Әбдіқалықова Қазақстан және Өзбекстан әйелдерінің бизнес-форумы жұмысына қатысты Қарағандыда жылу электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарына 3,5 млн теңге қажет »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы