374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 200-ге жуық кітапхана қызметкері бас қосты

  • 365
Алматыда 200-ге жуық кітапхана қызметкері бас қосты

Алматыда Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі басталды.

Астананың 20 жылдығы аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» деген тақырыпта ұйымдастырылған құрылтайға 200-ге жуық кітапхана қызметкері, елімізге белгілі ақын-жазушылармен қатар шетелдік мамандар қатысып отыр. Мұндай жиын соңғы рет 1998 жылы өткізілген екен. Араға біраз уақыт салып қайта қолға алынған жиында мамандар екі күн бойы Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту, арнайы кітапханаларды сандық жүйеге бейімдеу және заман талабына сай дамыту сияқты мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ еліміздегі кітапхана қорын қалыптастырып, қазақстандық кітапханаларды каталогтау жайын қарастырмақ. Құрылтай аясында шетелдік мамандардың қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Астана мен Ақмола облысы кітапхана қауымдастығымен мерекелік-онлайн кездесу өтеді.

Анар Рахимова, Ұлттық кітапхананың анықтамалық-ақпараттық ресурстар қызметі жетекшісі:

– Бүкіл Қазақстан Республикасының кітапханаларының қорын сапалы цифрландыру, сапалы адами капитал қалыптастыру, және бүкіл ақпараттық қолжетімділікті заңнамалық түрде қалыптастыру. Осы мәселелердің барлығы бүгін шешіледі. Барлық кітапханашылар шешілмей жатқан өзекті мәселелерін ортаға салады.

Осы категория бойынша: « Алматыда ТМД жастарының форумы салтанатты түрде ашылды Елімізде жол апатындағы адам шығыны азаймай тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы