364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жол апатындағы адам шығыны азаймай тұр

  • 210
  • UPD: 10:04, 14.09.2018
Елімізде жол апатындағы адам шығыны азаймай тұр

Елімізде жол апатынан қаза болатындар саны азаймай тұр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары кезінде 1251 адам көз жұмған.

13 мыңға жуық адамның денсаулығына зақып келіп, түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Ішімдік ішіп, рульге отырған 18 мың жүргізуші ұсталыпты. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша тас жолда опат болғандар саны жыл сайын аз да болса, азайып келе жатқан көрінеді. Мәселен, былтыр 17 мың жол апаты тіркеліп, 2 мыңнан астам азамат опат болған. Жараланғандар саны 22 мыңнан асады. 2016 жылғы көрсеткіш тіпті көңіл көншітпейді. Енді елдегі қылмыстық жағдай жайлы аз-кем ақпарат. 8 айда 195 мыңнан астам құқық бұзу деректері тіркелген. Оның басым көпшілігі, яғни 70 пайызы қылмыстық сипатқа ие. Айта кетейік, Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов саладағы мәселелер бойынша брифингте сөз алады.

Осы категория бойынша: « Алматыда 200-ге жуық кітапхана қызметкері бас қосты Талдықорғанда ішкі істер органдарын цифрландыру оң нәтиже беріп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы