364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында егін орағы қарқын алды

  • 143
  • UPD: 11:25, 14.09.2018

Қостанай облысының солтүстік аудандарында егін орағы енді қарқын ала бастады.

Астықтың ылғалдылығы жиын-терін жұмыстарын он шақты күнге кешігіп бастауға мәжбүр етті. Соған қарамастан жоғары технологиямен жарақталған шаруашылықтар.. жерде өскен ырысты қысқа мерзімде ысырапсыз жинап алатындарына сенімді.

Қостанайлық диқандар үшін биылғы егін орағының да сынағы аз болған жоқ. Әсіресе солтүстік аудандарда жаз аяғы жауған жаңбыр жұмысқа біраз тежеу болды.

Игорь Евсюков, бас агроном:

- Бидайдың пісуі биыл он шақты күнге кешігіп жатыр. Егін оруды екі күн бұрын ғана бастадық. Алайда бізге алаңдайтындай ештеңе жоқ. Ауа райы мүмкіндік берсе, 20 мың гектарға жуық алқапты, екі аптаның ішінде  жинап аламыз.

Тілші. Бас агрономның бұлай сенімді сөйлеуінің өз себебі бар. Жоғары өнімді, замануй техникалар сақадай сай. Биыл шаруашылықта алғашқы рет «Агросараптама» деген бағдарлама қолданысқа енгізілді.Қазір бәрі компютермен есептеліп, басқарылады. Оның сыртында механизаторлардың әрқайысысына электронды карточкалар берілген.

Иван Савченко, механизатор:

- Астықты тиеген  соң, электронды карточканы мына қондырғыға тақасаң,оның салмағы, күні бойыңғы жинаған өнім көлемі сияқты барлық ақпарат орталық кеңсе базасына барып түседі.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Мына жер көлік мониторинг орталығы деп аталады. Мұнда сарапшы мамандар серіктестікке тиесілі әрбір техниканың қозғалысын, алқаптардың жағдайын, егін орағының барысын мынау спутник жүйесі арқылы бақылап, бағалап отырады.

Әдемі Қайырылханова, көлік мониторингі орталығының басшысы:

- Біз мүнда компютер арқылы әр көліктің қанша май падаланғандығын байқаймыз. Осы бақылау жүйесінің енгізілуімен бізде еңбек өнімділігі 30-40 пайызға артты.    

Мұндағы мамандардың пайымдауынша, өндірісті цифрландырудың арқасында түрлі шығын көздерін 20-30 пайызға дейін қысқартуға болады екен. Ал егін орағына келсек, осы күнге дейін облыс бойынша 5 миллион гектардан астам алқаптың 47 пайызы жиналған. Оңтүстік аудандар науқанды аяқтауға тақады,  ал солтүстік бөлікте енді күш алып келеді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Осы категория бойынша: « Кәсіпкерлердің қант тапшылығы туралы болжамы расталмады Қарағанды облысында жолдағы жарықтың пайда болуы арнайы құралмен анықталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы