374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейліктер «Өзін өзі тану» оқулығы авторынан жауап талап етіп отыр

  • 350
  • UPD: 12:33, 14.09.2018

Семейге неге соқтыға береді? Қала тұрғындары қазір осы сұраққа жауап іздейді. Жұртты сауалға байлап берген жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған «Өзін өзі тану» кітабындағы бір әңгіме.

Ашып айтқанда Анжелика Карабутованың «Біз бәріміз бірдейміз» деген әңгімесінен туындап отыр. Мұнда Майкл есімді оқушының сыныпқа жаңадан келгені, оның африка тектес ресейлік екені айтылады. Сол тұста мынадай мәтін бар.

Оқиық: «Қазақстан үшін біртүрлі естілетін шығар, ал Семей қаласы үшін бұл Жалын құс көргендей» делінген. Қала тұрғындары неге шамданады дейсіз ғой? Белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов те семейліктердің реніші орынды, бұл қателікті түзеткен жөн дейді. Өйткені Семей жабайы орта емес, зиялы қауымның ордасы болған өлке дейді. Семейді таңдандыру қиын, Семейдің әлденеге таңқалуы тіпті сирек дегенді алға тартады. Ал енді Карабутова қай өлшеммен, не себеппен шекеден қарағаны түсініксіз, бұл сөйлемдер не автор, не білім министрлігі тарапынан түсіндірілуі тиіс дегенді айтады. Бұған дейін Крылов мысалын бұрмалап, түлкіге Семейдің ірімшігін жемеймін дегізіп, қала жұртының жүйкесіне тиген оқулық та болған.

Арап Еспенбетов, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Семей қаласы үшін бұл «жар птица» сияқты болып, жалын құс сияқты болды деуі, сонда Семей ештеңені көрмеген қала ма? Семей баяғыда Қазақстанның Санкт-Петербургі аталған зиялы қауымдардың ортасы, әлі де сол бір өзінің дәстүрін ұстап келе жатқан қала емес пе еді, деп ойлануы, соған намыстануы заңды деп ойлаймын. Атап осы Семей қаласын осындай деуі меніңше дұрыс емес. Меніңше, келесі басылымда осы мәтінді алып тастау керек. Және жаңағы авторы шын мәнінде осыған түсініктеме берсе дейтін менің өзімнің пікірім бар.

Осы категория бойынша: « Алматыда дәстүрлі оркестрлер фестивалі басталды Шымкентте бейнекамера көмегімен 34 мың құқық бұзушылық анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы