374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бейнекамера көмегімен 34 мың құқық бұзушылық анықталды

  • 175
  • UPD: 13:09, 14.09.2018

Шымкентте Ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 34 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның 21 мыңы жол жүру ережесін бұзғандар. Ал жол патрульдік полицейлері күн сайын қылмыстың жолын кесіп, жол ережесіне немқұрайлы қараған жүргізушілерді тәртіпке шақыруда.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Шымкентте жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы 107 мыңнан астам  дерегі анықталған. Оның 21 мыңы бейнекамералардың көмегімен. Ал шаһарға алдағы үш жылда 11 мыңнан астам интелектуалды бейне бақылау орнатылмақ. Бұл дегеніңіз жол ережесіне «атүсті қарайтындарға» тосқауыл болары сөзсіз. Әрі полицейлердің жұмысын оңтайландырады. Мұны біз рейд барысында да байқадық.  

Жол сақшыларымен болған рейдттік шара әуелі шаһардың орталық көшелерінен басталды. Себебі, Тәуке Хан даңғылы мен Қонаев гүлзары көшелерінің қиылысы кешкі уақытта көлік кептелісіне айналады. Дәл осы сәтте қырағылық танытқан жол патрульдік полицейлері жол ережесін бұзған жүргізушіні де байқап, соңынан ердік.

Мерседес маркалы көлікті тізгіндеген мына жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпапты. Әуелде ереже бұзғандығын мойындағысы келмеген автокөлік иесі заң өкілінен оны дәлелдеп беруін сұрады. Полиция бекетіне бас сұққанымызда таспаға таңбадай басылған айғақ алдымыздан шықты. Нәтижесінде жүргізуші 24000 мың теңге айыппұл арқалады. Бұл біз көрген бір ғана жайт. Ал қаладағы бір ауданның өзінде тәулігіне 50-60 азамат жол ережесін өрескел бұзады дейді полицейлер.

Хусаин Манабаев,  қалалық ІІД  ЖПП полкының взвод командирі:

- Келіспеген жағдайлар болады. Яғни жүргізушілер келіспеймін, фикцияңыз бар ма деген жағдай да автоэкипаждағы қызметкерлер станционарлық бекетке алып келіп, жол жүру ережесінің қай тармағын бұзғанын бейнекамерамен көрсетіп, дәлелдеп беріп, сол жерде планшет арқылы болмаса хаттаманы жазба түрде береді.

Байқағанымыздай жүргізушілердің көбі қауіпсіздік белдігін тақпай, кеш болса да шамын жақпай жүруді әдетке айналдырған. Ал мұндай азаматтарды жолда тұрған полицей байқамағанымен көше қиылысындағы бейне камералар қалт жібермейді. Қаладағы бұл интелектуалды жүйелер  жедел басқару орталығымен тікелей байланысты. Орталықтың көмегімен 150-дан астам қылмыс ашылған. Мұндағы  479 камера жол ережелерін бұзған көлік құралдарын анықтаса, 513 камера жалпы шолуға арналған.

Ерлан Әбдуқасымов,  қалалық ІІД Жедел басқару орталығы басшысының міндетін атқарушы:

- Жаяу жүргінші өтетін жерлерде көп автокөліктер жол ережесін бұзып өтеді. Соны біздегі отырған бейне бақылау қызметкерлері алдын ала біліп, тез арада хабар береді жақын маңдағы экипаждарға. Олар автокөлікті тоқтатып, тексеріп құқықбұзушылықтың хаттамасын жазып жүргізушіге тиісті шара көреді.

Ал қала көшелерінің 21 қиылысына орнатылған тағы бір зияткерлік жүйенің бірі «Интегра». Интегра бейнекамералары жол жүру ережесін бұзған автокөлікті анықтауда септігі мол.  Сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім көрсеткіштерін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Осы категория бойынша: « Семейліктер «Өзін өзі тану» оқулығы авторынан жауап талап етіп отыр Петропавлда жылыту маусымы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы