365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 26 мыңнан астам кәсіпкер алаяқтардан алданған

  • 253
  • UPD: 15:18, 14.09.2018

Өткен жылы алаяқтарға 26 мыңнан аса кәсіпкер алданып қалған. Олардың дені серіктестеріне сеніп, сан соғып қалғандар.

Бизнесмендердің құқығын қорғайтын ұйым өкілдері осылай дейді. Бұндай келеңсіз оқиғалар биыл да тіркеліп отыр. Әсіресе жүк және жолаушы тасымалы кезінде келісім-шартта көрсетілген талаптарды орындамай, іскерлерді шығынға шаш етектен батырып жатқандар көп екен. Осы тектес қылмыс түрі былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға артқан. Сондықтан ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұл мәселеге жауапты органдар жіті мән берсе екен.

Батыржан Әшитов, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің хатшысы:

- Кәсіпкерлерді серіктестерінің алдап кетуі мемлекетті де мол шығынға батырып отыр. Өйткені ондай кезде міндетті төлемдердің ешбірі  мемлекеттік бюджетке түспейді. Бұл салықтан жалтару болып есептеледі. Сондықтан осындай әккі әрекеттерге құзырлы орын өкілдері мұқият мән беруі керек. Кәсіпкерлер де басқа іскерлермен келісімшартқа отырар кезде, талаптардың барлығын жіті зерттеуі қажет. Әйтпесе, сенім артқан адамға оңай алданып қалуға болады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында 160 мың тоннаға жуық жеміс-жидек жинау жоспарланды Денис Теннің өліміне қатысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы