364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ағайынды кәсіпкерлер туған ауылына акушерлік пункт салып берді

  • 223
  • UPD: 16:10, 14.09.2018

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының тұрғындары ағайынды Сыралиевтер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған ауылына арнап, акушерлік пункт салып берді.

Бұл мақсатқа олар өз қалтасынан 15 миллион теңге жұмсаған. Құрылыс жұмыстары 2 айда аяқталды. Бұған дейін 1 мың 200-ге жуық тұрғын тұратын Әжібай ауылындағы ескі емдеу нысаны сапалы қызмет көрсетуге қауқарсыз болатын. Енді жаңадан салынған ғимаратта күндізгі стационар, акушер мен фельдшерге қажетті бөлмелері жұмыс істейді. Жалпы Қазталов ауданында биыл бағдарлама аясында құны 125 миллион теңге болатын 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 

Асқар Сыралиев, Қазталов ауданы Әжібай ауылының тұрғыны:

- Бұрыннан да біз ойлап жүрдік еліміз, туған жері ғой, әке-шешеміздің өмір бойы тұрған жері кішкеңе болса да бір көмегі болсын, бір жасаған жақсылығымыз болсын деген 40 жыл тұрдым мен мына жерде. Ана жерде кеңес үкіметінен қалған шағын ғимарат – жағдай жоқ, су ештеңе кірігізілмеген. Мұнда бәрі ішінде суы, септигі, раковинасы, туалеті бәрі ішінде бар.

Осы категория бойынша: « Денис Теннің өліміне қатысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр 7-20-25: Ақтөбеде алғашқы жарна екі есеге азаймақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы