374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 194
  • UPD: 17:50, 14.09.2018

Атыраудағы перзентханада көз жұмған ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

25 жастағы аяғы ауыр әйел облыстық перзентханаға ауыр жағдайда түскен. Жүктілік уақыты 38-39 аптаға жеткен келіншек жансақтау бөліміне жедел жеткізілгенімен, жүргізілген ем-домдық шараларға қарамастан аурухана төсегінде қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, қызметтік тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Осы категория бойынша: « Пәтерді жалға бергенде салықты қалай үнемдеуге болады Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы