369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады

  • 133
  • UPD: 17:49, 14.09.2018

Иммундау науқаны тұмаумен қоса, жіті респираторлық вирустық инфекциялардан қорғау мақсатында жүргізіледі.

Оған бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Биыл Ресейдің «Гриппол» вакцинасы салынады. Қазір оның 1,5 млн дозасы жеткізілді. Одан өзге елімізде тұмауға қарсы тағы 4 түрлі вакцина тіркелген. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, былтырғы маусымда тұмаумен 2 мыңнан аса адам ауырып, біреуі қайтыс болған. Әлем бойынша жыл сайын 500 мыңнан аса адам көз жұмады екен. Еліміздің бас санитар дәрігері суық тигенде өздігінен антибиотиктерді қолданбауға шақырды. Ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінуге кеңес берді. Бүгін Бекшиннің өзі де вакцина салдыртты.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Біз егуді ең қауіпті халықтың топтарында жүргіземіз. Ол жиі-жиі ауыратын өкпе, жүрек ауруымен ауыратын балалар, содан соң медициналық қызметкерлер. Үшіншісі әлеуметтік үйлерде тұратын мүгедектер мен әлеуметтік қызметкерлер.

Осы категория бойынша: « Атырауда ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды Батыс Қазақстан облысында 275 көшенің атауы өзгерді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы