374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы II Халықаралық театр фестивалінде әйгілі өнер қайраткерлері қазылық етеді

  • 180
  • UPD: 19:04, 14.09.2018

Ақтауда өтіп жатқан Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық театр фестивалінде Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов бастаған белгілі өнер қайраткерлері қазылық етеді.

Қазылар алқасының құрамында шетелдің театр сыншылары мен актерлері де бар.

Фестивальдың екінші күні Түркіменстанның Мары мемлекеттік драма театры алып келген «Ескексіз қайықпен махаббат мұхитында» атты спектаклімен ашылды. Қойылым ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың «Түркіменстан – Ұлы Жібек жолының жүрегі» кітабынан алынған. Мұнда көп кедергіге тап болған қос ғашықтың махаббат жыры баяндалады. Халықаралық шараға жалпы Каспий маңындағы 5 мемлекеттен 8 театр ұжымы қатысып жатыр. Театрлар репертуарында ұлттық және әлемдік классиканың үздік туындылары бар.

Энеджан Акмурадова, әртіс (Түркіменстан):

Біз бұл фестивальға ең үздік туындымызды алып келдік. Көзі қарақты көрерменге ұнады деген ойдамыз. Мұндай халықаралық шаралар өнер адамдарының өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрші елдер достығының нығаюына жол ашады.

Ербол Ыдырысов, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі:

Максим Горкийдің «Шыңырау» деген спектаклімен келіп отырмыз. Оның орысшасы «На дне». Соның ішінде келіп отырғанымыз 12 адам. Басты рөлде ойнайтын кейіпкерлер, грим цехы, кастюм цехы, реквизиттар, труппамызбен келіп отырмыз. Енді көрермен өзі бағасын береді. Барлықтарына айтарым, жақсы көңіл-күйде көріңіздер, келіңіздер.

Осы категория бойынша: « Батыс Қазақстан облысында 275 көшенің атауы өзгерді СҚО-да биыл рекордтық деңгейдегі астық шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы