369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да биыл рекордтық деңгейдегі астық шықты

  • 144
  • UPD: 20:40, 14.09.2018
СҚО-да биыл рекордтық деңгейдегі астық шықты Astyk-k.kz

Өңірдегі шаруашылықтың бірінде гектарынан 62 центнерден бидай алынды.

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қазір аймақта егін ору науқанының қызған шағы. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 млн тонна «сары алтын» жиналды. Диқандарға күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жанар-жағармай берілді. Сонымен қатар техника, тыңайтқышқа субсидия қарастырылған. Мемлекеттің қуатты қолдауы ауыл шаруашылығының серпінді дамуына мүмкіндік берді. «Ал экономикалық жағдайға байланысты Үкімет пен Ұлттық банктің қаржылық сауықтыру шешімі – дер кезінде қолға алынған шара», - дейді ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері. Олардың пайымынша, агроөнеркәсіп саласындағы несиелендіруді жеңілдеткен жөн.

Ирина Митянина, фермер:

- Шаруаларға несиелендіру бойынша қолдау қажет. Менің ойымша, пайыздық үстеме ақыны төмендету керек. Неге десеңіз, қарыз ұзақ өтеледі. Оның орнына біз жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алар едік.

Осы категория бойынша: « Ақтаудағы II Халықаралық театр фестивалінде әйгілі өнер қайраткерлері қазылық етеді Қалмұханбет Қасымов отставкаға кете ме? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы