365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жылу трассасының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды

  • 126
  • UPD: 22:11, 14.09.2018
Павлодарда жылу трассасының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды Instagram.com

Павлодар қаласында жылу трассасының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды.

Жабайы аңды оқиға орнына жеткен мамандар аман алып шықты. Ветеринарлық қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл ересек аналық жануар екен. Марал Ақсу және Павлодар қалаларын түйістіретін «Нұрлы жол» көпірінің маңында тіршілік ететін көірнеді.

Құтқарушылар оны арқанға байлап босатқан. Ал маралдың адамдардан қатты үріккені соншалық, босай сала, дереу қашып үлгерді. Дегенмен, мамандар кейін оның Ертіс өзенінің аумағына барғанына көз жеткізіп қайтыпты.

«Осылайша, адасып, қалаға кіріп кеткен аң аман-есен өз ортасына қосылды», - дейдң құтқарушылар.

Осы категория бойынша: « Елімізде қант тапшылығы туындауы мүмкін деген қауесет қаншалықты рас? Ақмола облысында егін орағынан оңтүстік аудандар көш бастап келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы