374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision 2018»: Ержан Максим әлемнің 4 елінде өткен ән байқауында топ жарған

  • 207
  • UPD: 22:40, 14.09.2018

Оралдық Ержан Максим балалар арасында өтетін «Junior Eurovision 2018» атты халықаралық ән сайысына қатысуы мүмкін 10 үміткердің қатарына енді.

11 жастағы оқушы әлемнің 4 елінде өткен ән байқауларында топ жарған. Талантты жеткіншектің өнерін Ресей, Латвия, Грузия, тіпті Италияның өнерсүйер қауымы мойындады.

Әнімен әлемді тамсандырған балақайдың әр минуты санаулы. Студиядағы тынымсыз дайындық аяқталған бойда мектепке үлгеру керек. Алғашқы сабақ денешынықтыру пәні екен. Ән айтудан қолы қалт еткенде футбол ойнау да Максимнің сүйікті істерінің бірі.

Ержан Максим, «Junior Еurovision 2018» балалар ән сайысының финалисті:

- Мен спорттың футбол ойынын жақсы көремін және шорт-трек коньки, соны жақсы көремін. Бос уақытымда үйімнің артында алаң бар, сол жерде балалармен футбол ойнаймын. Сабаққа келген кезде ағай да футбол ойнатады.

Міне, кейіпкеріміз мектептен кейін қайтадан мәдениет үйіне келді. Дауысты реттеп, тәлімгер кеңесін тыңдау керек. Ол саз үйірмесіне 5 жасынан бері қатысып келеді. Баласының әнге деген құштарлығын алғаш ата-анасы байқапты. Арада көп уақыт өтпей ол қалалық «Балдәурен» байқауының жүлдегері атанады. Кейін «Балбөбек», «Алтын микрофон», «Бозторғай» секілді республикалық сындарда үздіктер сапынан көрінді.

Дария Бахытова, музыкалық жетекшісі:

Оның осы кезге дейін жинаған тәжірибесі мол. Қоржынында халықаралық байқаулар өте көп. Дауысы өте жақсы, диапазоны өте кең. Әнге өте құшар, тез жаттап алады, тез орындайды. Жүрегімен түсіне орындайды. Қазір үлкен дайындық үстінде, ән жаздыртып, оны енді қазір дайындалып, әбден пісіріп апару керек.

Гүлмира Әлібек, анасы:

- Ержан өзін жақсы ұстай алады. Сахнада өзін көптен ән айтып келе жатқан әртіс ретінде өзін салмақты, халықпен жұмыс істей алатындай жақсы ұстайды. Ал былай өз ортасында өте ашық, көңілді, достарымен, кез келген адаммен тез тіл табысады, бауырмал өте. Конкурс біріншіден, балаға үлкен тәжірибе, өзі болашақта Димаш ағасы елін танытқысы келеді, солай армандайды.

Ержан Максим бір жылдың ішінде Мәскеу, Батуми және Рига сахналарында өнер көрсетіп, халықаралық фестивалдардың жеңімпаздары атанды. Италияда өткен айтулы ән байқауында да талғампаз тыңдарман жүрегіне жол таба білді. Қазір Ержанның репертуарында 30 шақты ән бар. Талапты жас бұл тізімді үнемі жаңғыртып отыруға күш салады. Вокал сабақтарының көмегімен жаңа шығармаларды орындауға, кәсіби тұрғыдан өсуге көңіл бөледі. Осыдан екі жыл бұрын ол отандық әншілердің танымал туындыларын ғана орындайтын. Қазір олардың орнын әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалар мен халық музыкасы басқан.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Газезов, Қанат Махмұтов

Осы категория бойынша: « Павлодар облысының өндірістік әлеуеті артып келеді Мемлекеттік органдарда жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы